"Блогерлер салық төлеңдер!". Салық комитеті хабарламасын қайтарып алды
332
Елімізде блогерлерге жіберілген салық төлеу туралы хабарлама қате болып шықты. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды.
2025 жылғы 19 ақпанда 594 блогерге жіберілген 53,3 млрд теңгенің 1 014 салық хабарламаның ішінде жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге 93 блогерге жіберілген 169 хабарлама кері қайтарылды. Оның себебі хабарламаны жіберу және өңдеу процесінде техникалық ақау шықты, - деп түсіндіреді Мемлекеттік кірістер комитеті.
Осылайша кірістер комитеті блогерлерге салық хабарламасын қайта қарап жатыр.
Айта кетсек, бірер күн бұрын Мемлекеттік кірістер комитеті табысын төмен көрсеткен блогерлерге хабарлама жібере бастаған еді. Тексеру, салыстыру қорытындысы бойынша 594 тұлғаның табысында 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздік анықталған.
Соңғы жаңалықтар
27.07.2026
13:40
"Махаббат жасқа қарамайды": 67 жастағы анасын т...
27.07.2026
12:21
"Дұға жасап қойыңыздаршы": ақын Серікзат Дүйсен...
27.07.2026
12:18
«Борат» бейнесіндегі жарнама жұрттың ашуын туғы...
27.07.2026
11:43
"Балаларды ойлаймын": Алматыда күйеуінің мәйіті...
27.07.2026
11:30
Ақтауда 9 жастағы бала тіс емдетемін деп, жақ с...
27.07.2026
10:58
Павлодар облысындағы көмір разрезінде 42 жастағ...