Bloomberg: АҚШ Иранға соққы жасауға дайындалып жатыр

Bloomberg: АҚШ Иранға соққы жасауға дайындалып жатыр
19.06.2025 13:05
0
283
Фото: ndtv.com
АҚШ Иранға қарсы соққыны демалыс күндері жасауы мүмкін

Bloomberg деректеріне сәйкес АҚШ Иранға қарсы соққыға дайындық үстінде

Bloomberg агенттігі хабарлағандай, жоғары лауазымды америкалық шенеуніктер алдағы күндері Иранға қарсы ықтимал әскери соққыға дайындалып жатыр. Агенттікке сұхбат берген дереккөздер бұл әрекет Вашингтонның Тегеранмен тікелей қақтығысқа инфрақұрылымдық тұрғыда дайындалып жатқанын білдіреді деп санайды.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, жағдай тұрақсыз және кез келген уақытта өзгеруі мүмкін. Кейбір дереккөздер соққы демалыс күндері жасалуы ықтимал екенін алға тартқан. Тағы бір дереккөздің сөзінше, бірнеше федералдық агенттіктің жоғары басшылығы да әскери операцияға дайындықты бастаған.

Бұған қоса, АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы бірнеше күн бойы Иранға соққы жасау қажет болуы мүмкін деген ойларын ашық айтып жүр. Ақ үйдің ресми өкілі бұл мәселеде барлық нұсқалар қарастырылып жатқанын хабарлады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий