Болат Назарбаевтың 12 жылға сотталған құдасы жайлы сұмдық дерек тарады

05.01.2026 16:49 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Болат Назарбаевтың 12 жылға сотталған құдасы жайлы сұмдық дерек тарады
0
1089
Фото: ашық дереккөз

Малайзияда сот елдің бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разакты мемлекеттік инвестициялық қор қаржысын жымқырды деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Centralasian.org мәліметінше, 28 шілдеде сот Наджиб Разакты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, сыбайлас жемқорлық және заңсыз жолмен алынған қаражатты ақтау баптары бойынша кінәлі деп таныған. Үкімге сәйкес, экс-премьер 49,3 миллион доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Алайда сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ол уақытша бостандықта қалады.

Наджиб Разак өзіне тағылған айыптарды мойындаған жоқ. Ол 2009 жылы үкіметті басқарған кезеңінде өзі құрған 1MDB мемлекеттік инвестициялық қорынан қаражат ұрлады деген күдікке ілінген. Аталған іс бойынша сотта SRC International компаниясына тиесілі шамамен 10 миллион доллардың заңсыз пайдаланылғаны қаралды.

АҚШ тергеу органдарының дерегіне сәйкес, 1MDB қорынан кемінде 4,5 миллиард доллар қолды болған. Бұл қаражат күрделі қаржылық схемалар арқылы заңдастырылып, әлемнің түрлі елдерінде қымбат жылжымайтын мүлік пен бағалы әшекейлер сатып алуға жұмсалған.

Экс-премьер өзінің жеке банктік шотына түскен 700 миллион долларды Сауд Арабиясынан келген «сыйлық» деп түсіндіріп, бұл қаржыны кейін қайтарғанын мәлімдеген. Сондай-ақ ол 2018 жылы қамауға алынар алдында Reuters агенттігіне берген сұхбатында үйінен табылған жүздеген қорап бағалы бұйымдарды әйелі мен қызына берілген сыйлықтар деп атаған.

Наджиб Разактың қызы Нуриана Наджва Данияр Кесикбаевқа тұрмысқа шыққан. БАҚ-та оның бұрын Данияр Назарбаев фамилиясын пайдаланғаны жазылған. Ол Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың бұрынғы жары Майра Құрманғалиеваның ұлы екені де атап өтіледі.

Аталған іс аясында Наджиб Разактың жұбайына және онымен бірге қызмет атқарған бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктерге де мемлекет қаржысын ұрлады деген айып тағылған.

Айта кетейік, жуырда АҚШ-тың Goldman Sachs инвестициялық банкі 1MDB ісіне байланысты Малайзия үкіметімен келісімге келіп, 3,9 миллиард доллар төлеуге келіскен. Ал бұл жанжал 2018 жылғы сайлаудан кейін Наджиб Разак үкіметінің отставкаға кетуіне тікелей себеп болған еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий