Болат Назарбаевтың туыстарының үйіне ұры түсіп, тонап кеткен

14.11.2025 17:04 Әсел Мұрат
Болат Назарбаевтың туыстарының үйіне ұры түсіп, тонап кеткен
0
325
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Болат Назарбаев

Алматы облысының Қарғалы ауылында тұрғындары 14 қарашаға қараған түні көрші үйдің маңында полиция көліктерінің көп жиналғанын байқаған. Желіде тараған ақпаратқа сенсек, ұры түскен үй марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Желіде ауыл тұрғындары көрші үйлердің бірінің маңында полиция қызметкерлерін көптеп жиналғанын байқағанын жазды.

«Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылының тұрғындары өткен түні марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі үйдің маңында полиция қызметкерлерінің көп болғанын байқады», – делінген жазбада.

Өңірдің полиция департаменті 14 қарағашаға қараған түні ауыл тұрғындарынан бағалы заттардың ұрланған айтып, үйге ұры түскені жайлы қоңырау түскенін растады.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен учаскелік инспекторлар барды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Полиция күдіктілерді іздеуге барлық жеке құрам жұмылдырылғанын, бағыттамалар жақын орналасқан барлық аймақтарға жіберілгенін атап өтті. 
Алайда ұры түскен үйдің нақты кімге тиесілі екенін нақтыланбады.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий