Болат Назарбаевтың ықпалымен жекеге өтіп кеткен су қоймалары мемлекетке қайтарылып жатыр

16.04.2026 09:37 Арман Ермеков
Болат Назарбаевтың ықпалымен жекеге өтіп кеткен су қоймалары мемлекетке қайтарылып жатыр
273
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында кезінде Болат Назарбаевтың көмегімен жеке адамның қолына заңсыз өтіп кеткен төрт ірі су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек су қорларын мемлекетке қайтару ісін қатаң бақылауға алуды сұрады. Оның айтуынша Атазаңда табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені жазылғанымен, кейбір су нысандары жеке меншікке өтіп кеткен. Депутат бұл мәселеде соттардың шешімі әртүрлі шығып жатқанын алға тартты.

Мәселен Қапшағай су қоймасының жағалауындағы жерлерді қайтару ісінде сот кейде заңбұзушылықты мойындап мемлекетке қайтарса, енді бірде ұқсас істер бойынша талап-арыздарды қанағаттандырудан бас тартқан.

Базарбек Жер және Су кодекстеріне сәйкес мұндай аумақтар жеке меншікке берілмейтінін еске салып, бұл мәселеде бірыңғай көзқарас керегін жеткізді.

«Әрине, біз судьялар мен соттардың жеке ұстанымдары туралы шексіз пікірталастыра аламыз, бірақ Жер және Су кодекстерінің, яғни заңның талабы анық, су қоры нысандары мен жерлері жеке меншікке жатпайды. Неліктен жер комиссияларында да, бізде де, олигархтарда да Алматы облысында су қорының заңсыз иеліктен шығарылған жерлерін сот арқылы қайтару үдерісі үлкен қиындықтармен өтеді. Өйткені заң бәріне ортақ, олигархтар үшін ерекше сот төрелігі болмауы тиіс», – деді депутат.

Ол бас прокурордан Қапшағай су қоймасы мен Іле өзені бойындағы су қоры жерлерін мемлекетке қайтаруға қатысты істерді ерекше бақылауға алуды сұрады. Сонымен қатар тексеру нәтижесінде анықталған 65 жер телімі бойынша сотқа қосымша шағым түсіріп, мәмілелерді заңсыз деп тануды ұсынды.

Айта кетейік, Бақытжан Базарбек бұған дейін Алматыда 3 адам мерт болған жол апатын әділ тергеп, ішкі істер органдарын тазалаудан өткізуді талап еткен болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий