"Бөлек шықсақ дейміз": Гүлзира Айдарбекова шетелге көшу туралы ойын айтты
351
Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова күйеуі Нұртас Айдарбеков екеуі балаларынан бөлек шығып, болашақта шетелден үй алуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды politico.kz.
Гүлзира Айдарбекова жолдасы екеуінің жоспары жайлы "Әсембике" бағдарламасында айтты.
"Бала-шағамыз әбден өсіп-өнген соң, Нұреке, екеуміз өзіміз бөлек шықсақ деп ойлаймыз. Қазір енді заман басқаша ғой, ақысына тамақ істейтін, үй жинап беретін адамдар бар. Ешкімге зиянымызды тигізбейік, сол кезде сыйлы боламыз деймін. Бірақ әзірге бәрі реттеліп болсын деп күтіп жүрміз", - деп ағынан жарылды Гүлзира Айдарбекова.
Сонымен қатар Қайрат Нұртастың анасы шетелге көшіп, үй алуға қатысты пікір білдірді.
"Сол бір жұрттар сияқты шетелден үй алып, ондай бір іс жасамаппыз. Бірақ ойымызда бар. Өйткені, Кипр бізге қатты ұнады. Бір жағы тау, бір жағы теңіз. Қартайғанда барып, бір 10-15 күн жатып, демалып тұру үшін шетелде бір үй болғаны дұрыс-ау деп ойланып жүрмін", - деді продюсер.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады
04.10.2026
11:25
Талдықорғанда әйелін жарақаттап, қарумен қорқыт...
04.10.2026
10:37
Алматыда курьер 3 млн теңгеге жуық қымбат гадже...