"Бойдақ қыздар күйеу сұрайды": Айнұр Тұрсынбаева қыздарға ерекше кеңес берді

23.02.2025 12:47
0
145
ашық дереккөз

Танымал айтыскер Айнұр Тұрсынбаева адамның өміріне қайыр мен береке кіргізудің жолдарын айтып, ізгі тілектің дұрыс сұралуы жайында құнды кеңестерімен бөлісті.

Айнұр Тұрсынбаеваның айтуынша, адам баласы үнемі бір нәрсе сұрайды. Алайда дұғаның қалай жасалатыны, оның мазмұны мен ниеттің тазалығы ерекше маңызды рөл атқарады.

Айтыскер бұл туралы былай дейді:

«Бойдақ қыздар – күйеу, жас келіндер – бала, қиналып жүргендер – ақша, кәсіп іздегендер – бизнес сұрайды. Бірақ дұға жасаған кезде міндетті түрде екі маңызды сөзді қосу керек: қайырлы және берекелі».

Айнұр Тұрсынбаеваның пікірінше, кез келген тілекті «қайырлы және берекелі» деп сұрау адамның өміріне игілік пен тұрақты берекенің келуіне ықпал етеді. Оның айтуынша, бұл сөздер адамның өмірін жақсылыққа толы, тұрақты және мәнді етеді.

«Қайырлы және берекелі байлық бер, қайырлы және берекелі күйеу бер, қайырлы және берекелі болатын бала бер, қайырлы және берекелі қызмет бер. Қайырлы және берекелі деген сөзді өте өте көп айтатын болсаңыз, үйге келген қонақ та, араласатын адамдарыңыз да, достарыңыз да берекелі, қайырлы дүниелерді ұсынады. Яғни, өміріңізде осындай береке кіретін болады!» – деді Тұрсынбаева.

Айтыскердің бұл кеңесі көпшілікті ойландырып, әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды. Қоғамда қайыр мен берекеге қатысты осындай қарапайым, бірақ терең мәнді сөздердің күнделікті өмірде қолданылуы рухани тепе-теңдікті сақтауға және оң энергияны тартуға септігін тигізетініне сенетіндер саны артып келеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий