БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен тергеліп жатқан шенеунік көз жұмды
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының бұрынғы әкімі аппаратының қызметкері А.Ж. 16 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсу күдігімен тергеліп жатқан, Орал қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханада өмірден озды, деп хабарлайды Politico.kz.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
«25 ақпан 2026 жылы күдікті заңға сәйкес қамауға алынды. 11 наурызда оның жағдайының нашарлауына байланысты Орал қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың реанимация бөліміне жеткізілді. Диагнозы: бауырдың токсикалық зақымдануы мен бауыр некрозы, инсулиннен тәуелсіз қант диабеті кетоацидозбен. 16 наурыз күні сағат 18:10-да ес-түсін жоғалтқан күйінде қайтыс болды. Қайтыс болу фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр», – делінген хабарламада.
58 жастағы А.Ж. Ақсай қаласының 16 жастағы тұрғынымен жыныстық қатынасқа түсуі мүмкін деген күдікпен ұсталған. Бастапқыда қыздың әкесі зорлау туралы арыз берген, кейін анасы арызды қайтарып алған. Полиция мәліметінше, «қатынастар екіжақты сипатта болған». Алайда әкесі қызы зорланғанын айтып, арыздан қайтпаған.
Оқиға прокуратураның араласуынан кейін қайта қаралып жатыр.
Соңғы жаңалықтар