БҚО-да бас салықшы пара алғаны үшін сотталды

24.12.2025 17:05 Арман Ермеков Арман Ермеков
БҚО-да бас салықшы пара алғаны үшін сотталды
0
448
Фото: БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Әділбек Нұржаубаев жемқорлық қылмысы үшін жазаға тартылды. Сот шенеуніктің ақталуға тырысқан уәждеріне қарамастан, оны бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Аудандық соттың үкімімен Әділбек Ерсайынұлы Қылмыстық кодекстің 366-бабы, яғни «Пара алу» бабы бойынша айыпты деп танылды. Судья Әлібек Нұрғалиев жариялаған шешімге сәйкес, экс-шенеунік алдағы 3 жыл 6 айын орташа қауіпсіздік мекемесінде өткізетін болды. Сонымен қатар оған мемлекеттік органдар мен қаржы құрылымдарында қызмет етуге өмір бойына тыйым салынды.

Тергеу деректері бойынша салықшы жергілікті кәсіпкерден заңсыз сыйақы алған. Сот үкімімен сотталушыдан пара ретінде алынған 1 миллион 390 мың теңге мемлекет пайдасына өндірілді. Жаза тағайындау кезінде сот өкілдері айыпталушының бұрын сотты болмағанын және кәмелетке толмаған 4 төрт баласының бар екенін ескерді. Жаза мерзімі оны қамауға алған сәттен бастап есептеледі.

Әділбек Нұржаубаев соңына дейін өз кінәсін мойындаудан бас тартты. Ол тергеу амалдары кезінде өзіне қарсы қастандық ұйымдастырылғанын және арандатушылық болғанын алға тартты. Сотталушының сөзінше, ұстау кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері күмәнді әрекеттерге барған. Сондай-ақ куәгер ретінде іске мүлдем қатысы жоқ бөгде адамдардың тартылғанына наразылық білдірді. Алайда сот бұл дәйектерді негізсіз деп тапты.

Айта кетерлігі, Әділбек Нұржаубаев бұл жауапты қызметке жуырда ғана кіріскен болатын. Облыстық департамент басшылығы оны аудандық ұжымға 2024 жылдың қыркүйегінде ғана ресми түрде таныстырған еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий