БҚО-да «Охотзоопром» филиалының басшысы 5 млн теңге парамен ұсталды – заңгер
ЖАЛҒАСЫ
Батыс Қазақстан облысында «Охотзоопром» РМКК Батыс өңірлік филиалының басшысы Арман Кужахметов 5 млн теңге пара алу кезінде ұсталған. Бұл туралы қоғам белсендісі, заңгер Бауыржан Заки мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Заңгердің мәліметінше, Кужахметовті 2026 жылғы 11 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің БҚО департаменті қызметкерлері ұстаған. Ол өңірде киік аулауға рұқсат беру үшін кәсіпкерден ақша талап еткен деген ақпарат бар.
1978 жылы туған Арман Кужахметов аталған филиалды 2020 жылдан бері басқарады. Филиал Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарайды.
Politico.kz ақпараттың анық-қанығын білу үшін құзырлы органдарға ресми сауал жолдады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...
30.10.2026
18:18
Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған 22 жастағы ер...