«Бүгін көп нәрсенің беті ашылды»: Астанада қаза тапқан фельдшердің әпкесі жан сырын ақтарды

30.07.2026 20:03 Қарақат АСЫЛОВА
«Бүгін көп нәрсенің беті ашылды»: Астанада қаза тапқан фельдшердің әпкесі жан сырын ақтарды
390

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның әпкесі әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол марқұм сіңлісін сағынышпен еске алып, соңғы уақытта қоғамда талқыланып жатқан жайттарға қатысты ойын жеткізді.

«Сары шөжегім, сіңлім… Сені қинады-ау, тыныштық бермеді-ау… Жаныңның қанша ауырғанын жүрегім сезеді. Бірақ Алла Тағала кімнің кім екенін көрсетті. Аллаға шүкір! Менің үнсіз қалғаным – бәріне көніп, әке-шешемді таптатқым келгені емес. Мен үнсіздікті әлсіздіктен емес, сабырдан таңдадым. Ең бастысы – әке-шешемнің көзін ашу, халықтың көзін ашу, шындықтың бетін көрсету еді. Менің бар тілегенім – адалдық пен әділдікке жету. Айтарым көп… Өте көп. Бірақ кейбір сөзді уақыттың өзі айтып береді. Кейбір шындықты түсіндірудің қажеті жоқ, оны Алланың өзі көрсетеді. Аллаға шүкір, бүгін көп нәрсенің беті ашылды. Ең бастысы, ешкімнің алдында емес, Алланың алдында жүрегім тыныш», – деп жазды Ақнұр Мырзуан

Еске салайық, Ұлдана Мырзуанның жұбайы Зейнел Әділет марқұмның қазасынан кейін небәрі сегіз ай өткен соң қайтадан шаңырақ көтерген болатын. Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып, әлеуметтік желілерде түрлі пікірлерге себеп болды.

Войдите, чтобы оставить комментарий