Бүкіл елге танылған «Атыраулық хакерге» сот үкімі шықты

Бүкіл елге танылған «Атыраулық хакерге» сот үкімі шықты
Әлеуметтік желіден

Атырауда әлеуметтік желіде «Атыраулық хакер» атымен танылған 32 жастағы Нұрлан Жаңбырбаевқа қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол бірнеше рет алаяқтық жасады деп танылып, 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Үкімді 2026 жылғы 26 қарашада сот Эльмира Ойқұлова жариялады.

Сот сөзінде мемлекеттік айыптаушы Абылайхан Абужанов айыпталушыны 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда рақымшылық туралы заңды ескере отырып, жазаны төрттен біріне қысқартуды ұсынып, түпкілікті 3 жыл 6 ай жаза тағайындауды өтінген.

Соңғы сөзінде Нұрлан Жаңбырбаев бас бостандығынан айырмауды сұрап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өтейтінін айтқан. Оның сөзінше, ақшаның басым бөлігі қайтарылған, ал қалған берешек шамамен 2 миллион теңгені құрайды.

Іс бойынша барлығы 12 адам жәбірленуші деп танылған. Бұған дейінгі мәліметтерге сәйкес, келтірілген жалпы шығын шамамен 13 миллион теңге болған. Оның 9 миллион теңгеге жуығы қайтарылған.

Айта кетейік, Нұрлан Жаңбырбаев Атырау облысы Жангелдин ауылында тұтас бір отбасының жоғалуына қатысты оқиғадан кейін әлеуметтік желіде кеңінен танылды. Ол өзін «Атыраулық хакер» деп таныстырып, отбасының жоғалуына байланысты жеке іздестіру жұмыстары барысында анықтағанын айтқан мәліметтерді жариялаған.

2026 жылдың қаңтарында Жаңбырбаев Түркияда ұсталып, кейін Қазақстанға жеткізілген. Алайда оған қатысты алаяқтық ісі Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты тергеумен байланысты емес.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу