«Бұл хайп емес»: Екінші әйел алған блогердің бәйбішесі мәлімдеме жасады
1302
Жақында ғана екінші әйел алған блогер Айтуғанның бірінші жары әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасап, оқырман қауымды отбасылық жағдайына түсіністікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, күйеуінің тоқал алуына ешқандай қарсылығы болмаған және бұл қадамға тек діни тұрғыдан, ізгі ниетпен рұқсат берген.
«Бұның барлығы өтірік емес, хайп емес. Барлығы Алланың разылығы үшін жасалған дүние. Сондықтан артық сөз жазбаңыздар. Қатты сөкпеңіздер», – деді блогердің жары.
Алайда желі қолданушылары бұл әрекетті қабылдай алмай, түрлі пікірлер білдірді. Оқырман қауым «Ажырасса Алла разылығы үшін дей ме?», «Шын ниетімен айтып жатпағаны көрініп тұр, әбден қиналып, еркіне жіберген сияқты», «Үшеуіне де обал жоқ» деп бірінен соң бірі пікір қалдырды.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
23:07
Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды
07.10.2026
22:11
Алматыда автобуста жолаушыларды пышақпен қорқыт...
07.10.2026
21:44
Шымкентте су құбырын ауыстырмақ болған екі жұм...
07.10.2026
21:17
Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің төбесіне...
07.10.2026
20:44
Танымал актриса "Жеті қарақшы" фильмінде Дайыро...
07.10.2026
20:26
"Ренжіп кеткенім жоқ". Қыран Талапбек неге Әзер...