"Бұл жәй шәй ішетін кездесу емес!": Путин Трамппен кездесу туралы айтты

Ресей президенті Владимир Путин бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Путиннің айтуынша, бұл кездесу тек протоколдық сипатта өтпеуі керек, онда маңызды мәселелер, әсіресе Украинадағы жағдай талқылануы тиіс.
«Мен Дональдпен кездесуге дайынмын, біз ұзақ уақыт бойы көріскен жоқпыз. Ол да кездесуге ниетті екенін көрсетті, бұл біздің телефон арқылы сөйлесуімізден байқалды», – деді Ресей президенті.
Алайда Путин мұндай келіссөздер алдын ала жан-жақты дайындықты қажет ететінін атап өтті.
«Қазіргі жағдайда тек шай немесе кофе ішіп, жай ғана әңгімелесу жеткіліксіз. Біз маңызды мәселелерді талқылауымыз керек», – деп мәлімдеді ол.
Сонымен қатар, Ресей басшысы Трамптың Украина бойынша ұстанымына тоқталды. Оның айтуынша, сайлауалды кампания кезінде Трамп қақтығысты тез арада шешуге уәде бергенімен, кейін барлау деректерін алған соң, бұл процеске кем дегенде жарты жыл қажет екенін түсінген.
Бұл мәлімдеме екі ел арасындағы қарым-қатынастың күрделене түскенін көрсетеді. Сарапшылардың пікірінше, Путин мен Трамптың ықтимал кездесуі АҚШ-тың 2024 жылғы президенттік сайлауынан кейін ғана өтуі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар





