"Дариға Бадықова күйеуімен Олжас Абай үшін ажырасты": Психолог актриса туралы

22.09.2025 12:03
0
141
ашық дереккөз

Психолог әрі тетахилинг маманы Мәдина Абдет жақында танымал актриса Дариға Бадықованың жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, оның ажырасуына байланысты көзқарасын ортаға салды.

Маманның айтуынша, көпшілік Дариға Бадықованың әріптесі, актер Олжас Абаймен жақын араласуын ажырасуға себеп ретінде қарастырады. Алайда психолог бұл пікірмен келіспей, өнер иесінің өмірлік жолы мен рухани дамуына назар аударды.

"Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың бірге жүрген видеолары көп тарап жүр. Олар бірлесіп киноға түсті. Жасаған дүниелері сәтті шығып, қызығушылық көп болды. Сондықтан жұртшылық олардың ажырасуына Олжас Абай себепкер деп жатады. Басқалары болса, Дариға мен Дарханның ортақ баласы болмағанын алға тартады. Маман ретінде айтарым: Дариғада "кеш ашылу" энергиясы бар. Алдымен өмір сынақтарынан өтеді, кейін ғана сахнаға шынайы қабілетімен шығады. Бұрынғы күйеуімен тұрған кезде ол тұншыққан, "өзі емес" күйінде болған. Сондықтан бұл некенің бұзылуы жанның босап, шынайы миссиясына оралуы үшін қажетті қадам болған. Балалы болмауы жазаланғандықтан емес, кармалық дайындықтың болмауынан. Оның жанына "баладан бұрын өзін табу" бағдарламасы жазылған", – деді психолог.

Мәдина Абдеттің айтуынша, актрисаның жеке өміріндегі өзгерістер оның шығармашылық жолына жаңа серпін беріп, шынайы болмысын табуына ықпал еткен.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий