Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі өмірі туралы кино түсірмек
Актриса Дариға Бадықованың экс-күйеуі Дархан Рахман отбасы құндылықтары жайлы фильм түсіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
«Сценарий жазылды. Оны басқа мамандар тексеріп жатыр. «Алданған жүрек» деген атауды халық өзі тауып берген. Киноның локациялары таңдалып, актерларға кастинг жариялаймыз. Бұл фильм отбасы құндылықтары жайлы болмақ», - деді Дархан Рахман.
Ол фильмнің саундрегін әзірлеп қойғанын айтты.
«Сөзі мен әні менің өміріме жақын. Жанар қарындасымыздың атағын да бір шығарғым келді. Өмірдің өзі өкініштен тұрады. 16 жыл бойы сеніп келесің, жоспарыңды барлығын осы уақытқа кіріктіресің. Алайда оның барлығы күл-талқан болса, кім ренжімейді. Дариға маған рақмет айтсын, халық бір аптада миллиард жинап берді.
Соңғы жаңалықтар