“Дариға Назарбаеваның байлығы азайып жатыр ма?”: Дариға Назарбаеваның байлығы белгілі болды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Forbes журналы жариялаған 2026 жылғы ең бай қазақстандықтар тізімінде 20-орынға енді, деп хабарлайды Politico.kz.
Журнал дерегіне сәйкес, оның байлығы 550 миллион доллар деп бағаланған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. 2025 жылы ол 571 миллион доллар байлықпен 17-орында тұрған еді. Forbes басылымы капиталдың азаю себептерін нақты көрсетпеген.
Дариға Назарбаева медиа саласындағы бірқатар активтерге ие. Ол ұлы Нұралы Әлиевпен бірге «Европа Плюс Қазақстан» радиосы мен НТК телеарнасына қатысы бар компанияларды басқарады. Сонымен қатар, «DLS Group» холдингі арқылы «Регион-Медиа», «Наружная Реклама-Регионы» және «Телефабрика “Дала”» секілді медиа және жарнама саласындағы кәсіпорындарда үлесі бар.
Ал оның сіңлісі Динара Құлыбаева биылғы рейтингте жоғарылап, 3-орынға көтерілген. Оның дәулеті 5,4 миллиард доллар деп бағаланған. Өткен жылы ол 5,3 миллиард доллармен 4-орында болған.
Соңғы жаңалықтар