Дәрігерлер үшін жаңа бонус: 1,7 млн теңгеге дейін табуға болады
855
Қазақстанда медицина қызметкерлеріне жаңа бонустық жүйе енгізіледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жаңа жүйе учаскелік дәрігерлерге, мейіргерлерге, фельдшерлерге және жүкті әйелдермен жұмыс істейтін акушерлерге арналған. Олардың еңбегі профилактика мен науқастарды ерте анықтау жұмысына қарай бағаланады. Мысалы, созылмалы ауруы бар адамдарды уақытылы бақылау немесе туберкулез бен қатерлі ісіктерді анықтау үшін қосымша ұпай беріледі.
Балдық жүйе келесідей:
- 50 балл (1 балл = 4,5 АЕК = 17694 теңге) — қанайналым жүйесі аурулары мен қант диабеті бар пациенттерді толық динамикалық бақылау үшін;
- 25 балл — созылмалы ауруларды ерте анықтау және әйелдерді жүктілікке дейін сауықтыру;
- Бонустар (1 бонус = 5 АЕК = 19660 теңге) — қатерлі ісіктерді және туберкулез жағдайларын анықтағаны үшін.
Жиналған баллдарға қарай төленетін үстемақы тоқсанына 1,7 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін. Министрліктің айтуынша, бұл дәрігерлердің науқастармен тығыз жұмыс істеуіне, ауруларды ерте сатысында анықтауға және халық денсаулығын қорғаудағы нәтижесін арттыруға ықпал етеді.
Жаңа жүйенің басты мақсаты – алдын алу шараларын күшейтіп, шұғыл ауруханаға жатқызу санын азайту.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
09:21
Талдықорғанда әйелін бірнеше сағат ұрып, көршіл...
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...