Дәрігерлерді қорғау үшін смарт-видеожетондар іске қосылмақ

Дәрігерлерді қорғау үшін смарт-видеожетондар іске қосылмақ
22.07.2025 16:38
0
284
Коллаж: POLITICO.KZ

Медицина қызметкерлерін агрессиядан қорғауға бағытталған жоба іске қосылды

Қазақстанның бұрынғы министрі, қазір Қазақтелеком төрағасы Бағдат Мусин медицина қызметкерлерін агрессиядан қорғауға бағытталған «Смарт-видеожетондар» жобасының іске қосылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы үш жылда елімізде дәрігерлерге қатысты 130-дан астам шабуыл фактісі тіркелген.

Жаңа технология дәрігердің халатына бекітіліп, барлық оқиғаны таспаға жазып отырады. Қауіп төнген жағдайда бір батырманы басу арқылы полицияны шақыруға болады. Қазіргі уақытта бұл жоба пилоттық режимде Астана мен Алматы қалаларында іске асырылуда әр қалада бес жедел жәрдем бригадасы осындай жетондармен жабдықталған.

Сонымен қатар Бағдат Мусин Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға медицина саласын цифрландыруға арналған басқа да технологияларды таныстырғанын атап өтті. Олардың қатарында Ішкі істер министрлігімен интеграцияланған жасанды интеллект камералары, дәрігер мен пациенттің сөзін тыңдап, алдын ала диагноз қоятын «ЖИ-терапевт» Ақмола облысында тестіленуде, сондай-ақ вакциналар мен дәрілердің температурасын қадағалайтын жүйе Қарағанды облысында тестіленуде бар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий