Дайын мәтінге сенген министр Балаеваның сөзінен қате табылды

13.11.2025 17:25 Арман Ермеков
Дайын мәтінге сенген министр Балаеваның сөзінен қате табылды
0
1089
Фото: ашық дереккөз

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның отандық кино саласының қазіргі жағдайына қатысты айтқан бір мәліметі қоғам талқысына түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Аида Балаева өз сөзінде биылғы бір маңызды жаңалыққа тоқталған болатын.

«Биыл кейінгі 30 жылда алғаш рет Қазақстан Канн қаласында өткен ең ірі кинонарықтардың бірі – Marché du Film алаңында өз стендін ұсынды. Бұл – отандық продюсерлер мен дистрибьюторлар үшін үлкен жетістік», — деді министр.

Алайда, қырағы жұртшылық бұл ақпараттың растығына күмән келтіріп, бұған дейінгі жылдарды еске ала бастады. Анықталғандай, Қазақстан бұл нарыққа бұрын да қатысып келген.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Қазақстан өкілдері 2017, 2018, 2019, 2023 және 2024 жылдары да аталған шарада болған. Тіпті, 2017 жылы Канндағы қазақстандық павильонның ашылу салтанатына Димаш Құдайбергеннің өзі қатысқаны белгілі.

Бұл тақырыпты қазақстандық кинопродюсер Зарина Киссикова министрдің жазбасының астында қалдырған пікірінде тереңірек тарқатты. Оның айтуынша, Қазақстанның бұл нарықтағы тарихы әлдеқайда тереңде жатыр.

«Қазақстандық стенд Marché du film-де алғаш рет 2006 жылы ұсынылған, содан кейін 2008, 2010 жылдары болды. 2013 жылы «Қазақфильм» киностудиясының стенді болды, ал одан кейін бірнеше жыл (2019 жылға дейін) қатарынан Каннда жай ғана стенд емес, тұтас қазақстандық павильон жұмыс істеді», — деп жазды продюсер.

Бұл ақпараттық сәйкессіздік қоғамда «Аида Ғалымқызына бұлай қате ақпаратты кім дайындап берді?» деген сауалды тудырды. Желі қолданушылары министрлердің дайын мәтінмен сөйлейтініне үйренгенін, бірақ сол ақпараттың тым болмаса сауатты дайындалуы керектігін айтып, министрліктің жұмысын сынауда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий