"Демалыс берілді": үш адамның өлімі үшін сотталған кәсіпкер сауда үйінде серуендеп жүр

04.09.2025 12:03
0
272
Отбасылық архивтен алынды

Желіде Алматыда үш адамның өмірін қиғаны үшін 2019 жылы 10 жылға сотталған азаматтың бостандықта жүргені туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

2018 жылы Mercedes Gelandewagen көлігімен 3 адамды соққан азаматтың соттылығы бола тұра, бостандықта жүргенін жол апатынан қаза тапқан әйелдердің бірінің қызы Threadsжелісіндегі парақшасында мәлімдеді.

"Анамды, тәтемді және жүргізушіні өмірінен айырған қылмыскер Esentai Mall-да емін-еркін жүр. Бұл сотталушы тағы бір адамды мүгедек етті. Төрт отбасы қайғырып отыр. Ал заң бойынша Тараз қаласында жазасын өтеуі тиіс адам, қалада емін-еркін қыдырып жүр. Бұл адам жақсы өмір сүріп жатыр. Жаңа Қазақстан, міне осы", – деп жазды ол.

Сондай-ақ қыз Ілияс Кар (гелендваген жүргізушісі) есімді сотталушының үнемі заң бұзатынын айтты.

“Ілияс Кар ішімдік ішіп, рульге отырып, жылдамдықты асырып, бағдаршамның қызылынан өтіп кете салады. Міне осындай әрекетінің салдарынан ол Абай көшесінде мас күйінде үш адамның өмірін қиды", – деп жазды қыз.

Сонымен қатар марқұмдардың бірінің баласы Темірлан Хасенов сотталушының қалай бостандықта жүргенін түсінбейтінін жеткізді. Ол сотқа сұратым жібергенімен мүлде жауап ала алмағанын жеткізді. Ал Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті айыпталушының түрмеде екенін айтқан.

Ал еліміздің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, Ілияс Кар жазасын қауіпсіздік деңгейі ең төмен түзеу мекемесінде өтеп жатыр.

"Қылмыстық-атқару кодексінің 113-бабына (Мекеменің шегінен тыс жерге шығу) сәйкес, мұндай мекемелердегі сотталғандарға колониядан тыс жерге шығуға, мысалы, демалысқа немесе жұмысқа орналасуға рұқсат етіледі. Сотталушының жеке өтініші негізінде оған мекемеден тыс жерге шығуға рұқсат етілген демалыс берілді. Демалыста жүрген уақытында ешқандай бұзушылыққа жол бермеді», – делінген хабарламада.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, Кар демалыс кезінде полицияның бақылауында болған және шарттарды бұзбаған. Қазір ол Тараздағы колонияға қайта оралған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий