Денсаулық сақтау министрі қымбат аяқ киім мен Lexus көлігі үшін сынға ұшырады

Денсаулық сақтау министрі қымбат аяқ киім мен Lexus көлігі үшін сынға ұшырады
08.10.2025 11:57
0
50
әлеуметтік желі

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желі қолданушыларының талқысына түсті. Бұған оның Lexus маркалы көлікпен жеке клиникаға келіп, құны 1000 еуродан асатын Valentino маркалы аяқ киім кигені туралы видео себеп болды, деп жазады POLITICO.KZ.

Бейнежазба қоғамда үлкен резонанс тудырды. Көпшілік министрді қарапайым халықтың жағдайына мән бермей, сән-салтанатты өмір салтын ұстанғаны үшін сынға алды.

Ақмарал Әлназарова бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, аталған видеоның «Қазақмыс» медициналық орталығында түсірілгенін айтты. Оның сөзінше, бұл - жұмыс сапары, жеке мақсаттағы кездесу емес. Министрдің айтуынша, сапардың басты мақсаты - жеке сектордағы үздік тәжірибелерді зерттеп, оларды мемлекеттік медицина жүйесіне енгізу жолдарын қарастыру болған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий