Депутат Базарбек 20 миллион теңге жалақыға қатысты сөзін түсіндірді

10.09.2025 14:21 Admin
Депутат Базарбек 20 миллион теңге жалақыға қатысты сөзін түсіндірді
0
390
Фото: Мәжіліс

Базарбектен "20 миллионға татитын жұмыс істеп жүрмін" деген сөзі туралы сұралды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Мәжілісменнің айтуынша, әңгіме оның атқарып жүрген жұмыс көлемі жайында болған:

"Мен заң талап еткеннен әлдеқайда көп күш салып, жұмыс істеймін. Жиырма есе көп. Мүмкін, отыз есе көп. Мен Жоғарғы аудиторлық палатаның, Жер ресурстары комитетінің, Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Экология министрлігі мен экологиялық инспекцияның тексерістеріне бастамашы боламын. Мемлекеттік органдардың өзі істеуі керек жұмысқа, іс жүзінде оларды мәжбүрлеймін", - деді Базарбек.

Парламентарий мұндай әрекеттер оның функционалдық міндеттеріне кірмейтінін атап өтті, алайда Базарбектің айтуынша, мемлекеттік органдар өз міндетін орындамағандықтан, оған айналысуға тура келеді.

Айта кетейік, жуырда ғана депутат  Бақытжан Базарбек өзінің атқарып жүрген жұмысын 20 млн теңгеге бағалады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий