Депутаттар Әбу-Дабидегі мейрамханада жаға жыртысты

Депутаттар Әбу-Дабидегі мейрамханада жаға жыртысты
14.01.2025 17:37
0
57
видеодан кадр

Әбу-Дабиде «Грузияның арманы» атты Грузия партиясының екі депутаты мейрамханада өзге отандастарымен төбелес қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Екі депутат, яғни, Ираклий Заркуа мен Виктор Саникидзе Әбу-Дабиде демалып жатқан қонақ үйлерінің мейрамханасына барып, тамақ ішіп отырған. Жандарына тағы бір грузин келіп, оларды балағаттай бастаған. Дереккөзге сүйенсек, соңғы келген адам оппозиция өкілі. Олардың төбелескен видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

Тбилиси мэрі Каха Каладзе бұл оқиғаға түсініктеме бере келе, ешкім ешкімді балағаттай алмайды деген. 

«Тамақ ішіп отырған біреуге келіп оны балағаттау - теріс. Мен үшін зорлық-зомбылықты ақтауға орын жоқ», – деді Каладзе.

Еске салсақ, Грузия Еуропа одағына кіру туралы келіссөздерді 2028 жылдың соңына дейін ысырып тастады. Осы үшін 28 қарашада елде наразылықтар басталды.

Акцияға қатысушылар елде жаңа парламенттік сайлау өткізуді талап етіп,  26 қазандағы дауыс беру нәтижелерін мойындамай қойған. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или