Депутат Хасан Қасымбаевпен туыс екенін растады
0
1188
Алматы облысынан сайланған Сенат депутаты Мұхтар Жөргенбаев жақында қамауға алынған Хасан Қасымбаевпен туыс екенін растады.
Бұған дейін БАҚ беттерінде депутат Қасымбаевтың туысы деген ақпарат тараған болатын.
"Иә, мен әлеуметтік желідегі жазбаларды көрдім. Ол ақпаратқа сенсек, мен Қасымбаевтарға қатысты Талғарда болған жағдайға әсер етіппін.
Аслан Қасымбаевтың қызметіне қатысты ешкімге ешқандай өтініш айтпағанымды ресми түрде мәлімдеймін. Оның үстіне Хасан Қасымбаевқа қатысты жүріп жатқан тергеуге де ешқандай әсер еткен жоқпын", - дейді Жөргенбаев.
Депутат Қасымбаевпен алыс туыс екенін айтты.
"Туыс екенімізге қатысты: иә, ол менің алыс туысым екенін растаймын. Қазақта туыс көп қой. Бірақ үнемі байланыста жүрдік деп айта алмаймын. Ары кетсе, тойларда немесе туыстар жиналып қалатын жерлеу сияқты рәсімдерде кездесіп қалатынбыз", - деді депутат.
Еске салайық, бұған дейін де полиция Хасан Қасымбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.
Полиция департаментінің мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол азамат А.ны ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген. Оқиға 2021 жылғы маусымда болған.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
07.01.2026
23:20
Атырауда жоғалған отбасының туысы үндеу жасады
07.01.2026
23:16
Иманғали Тасмағамбетовқа қатысты ақпарат шықты
07.01.2026
21:49
Алагөзовтің экс-жары Сатаевтың бұрынғы жұбайын ...
07.01.2026
19:42
Есімде өмір жайлы айтқандарың
07.01.2026
18:13
“Бұл қашан тоқтайды?: Әлішер Кәрімов халыққа ашулы
07.01.2026
18:10
Атырауда екі полицей пара алды деген күдікпен қ...