«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергеннің ісі неге ұзаққа созылды – Жоғарғы сот жауабы
458
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметуллина «Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге қатысты сот шешімі қашан шығатынын айтты, деп хабарлайды politico.kz.
«Әрбір инстанция өз қызметін дербес жүзеге асырады. Менің білуімше, иә, іс әлі аяқталған жоқ. Сот тергеуі жүріп жатыр», - деп жауап берді Парламент кулуарында сот алқасының төрайымы. «ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның экс-орынбасары Самат Әбіш ісіне қатысты шешім шықты, алайда Арман Жұмагелдиев пен Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген ісі әлі созылып, сот үкімі жарияланған жоқ. Неліктен?» деген журналистер сауалына төрайым былай жауап берді. «Әр іс әр түрлі. Бір эпизодтан тұратын іс бар, онда бір жәбірленуші, бір куәгер - оны бірнеше сессияда аяқтауға болады. 50 сотталушы, 250 жәбірленуші, сот толығымен тексеруге міндетті көптеген қылмыстық іс материалдары бар істер бар. Тиісінше, оның қашан аяқталатынын айта алмаймын. Мұның бәрін сот жеке шешеді. Бүгінгі таңда, менің білуімше, іс әлі аяқталған жоқ», - деді Рахметуллина. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінде тергеушілер «Дикий Арман» деген атпен белгілі криминалдық беделді Арман Жұмагелдиев пен Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ісін сотқа берді. Олардың Қаңтар оқиғасы кезіндегі жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деп күдіктелуде. Сотталушылардың жалпы саны – 45 адам. Оларға «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» (ҚК 362-бабы), ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және оған қатысу (ҚК 262-бап), қарақшылық шабуыл (ҚК 191-бап), заңсыз бас бостандығынан айыру (ҚК-нің 126-бабы), 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оларға қатысу (ҚК 272-бап), бандитизм (ҚК 268-бап) бойынша айыптар тағылды. Алматы қалалық мәслихаты VII шақырылымының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген 2022 жылдың 22 сәуірінде ұсталды. «Дикий Арман» сол жылы 7 қаңтарда арнайы операция кезінде қолға түсті.Соңғы жаңалықтар
15.03.2026
15:36
«Кейін өзіңіз өкініп қаласыз»: Қазақстанның сыр...
15.03.2026
14:27
«Тоқаевқа жасаған таңдауым ешқашан өзгермейді»:...
15.03.2026
13:12
Тоқаев Вице-Президент лауазымына қатысты қауесе...
15.03.2026
12:00
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасы бой...
15.03.2026
11:32
Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді (В...
15.03.2026
10:25
Қазақстанда референдум өтіп жатыр: Дауыс берген...