"Әділетсіздік көрсем де үн қатпаймын": Жұлдыз Әбдікәрімова жазбасымен елді ойландырып қойды
Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде өмір жайлы ой-толғауын бөлісіп, қазір қандай күйде жүргенін айтты. Өнер иесі өмірде қандай сынаққа тап болып, әділетсіздік көрсе де үн қатпайтынын жеткізді,-деп хабарлайды politico.kz
Жұлдыз Әбдікәрімова өмір туралы жан сырын Instagram-дағы парақшасында ақтарған. Бүгінде ауруханада жатқан өнер иесі көп нәрсені ойланып, өзіне түрлі сұрақ қойғанын алға тартты. Актриса басына түскен сынақ пен әділетсіздікті үнсіздікпен еңсеретінін айтты. "Ауруханада жатып, көп ойландым. Мен кіммін? Нендей тірлік етіп жүрмін? Қайдан келемін? Қайда барамын? Ата-анама қандай перзентпін? Балаларыма қандай анамын? Өзге тұрмақ, өзімнің мыңдаған сұрағыма толық жауап бере алмадым. Бір түсінгенім, мендегі күш күлімсіреу екен. Қандай сынақ келсе де, батпандай әділетсіздік көрсем де үн қатпау, топырақ шашпау, бет жыртыспау, ақталмау!Жаратқанға әр әрекетім үшін жауабым, жиған сауабым, ізгі амалым бар ма? Мен үшін сұрақтардың ең маңыздысы осы екен. Дүниеде ең оңайы - ақыл айту емес пе?! Ал менің таңдауым -үнсіздік екен", - деп жазды Әбдікәрімова.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.11.2026
09:16
Семейде медицина қызметкерін қорлаған ер адам ұ...
13.11.2026
23:12
“Қоңырау шалып, қорқытқан”: Алматыда әйелді ұза...
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...
13.11.2026
20:50
Ірі шенеуніктер ұсталған соң Тоқаев ҰҚК басшысы...
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
20:21
Ұлытау облысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ...