Дильназ Ахмадиев ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтты

Танымал әнші Дильназ Ахмадиева ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Commutator Казахстан арнасына сұхбат беріп, ағынан жарылды. Өнер иесі ұлының аутист екенін жасырмады.
“Зидан бес жасқа толса да әлі сөйлемейді. Бірақ қулыққа басатыны бар. Кейде менен тамақ сұрайды. Мен таңғалып, “бұрыннан бері осылай неге сөйлемейсің десем: “Қажет болған жоқ” дейді. Бәрін түсінеді. Осы баламмен үздіксіз жұмыс істеп жатырмын. Сөйлеуінде аздап бұзылысы бар. Маған неше түрлі пікір жазады. “Балаңды емдетпесең, кейін кеш болады” деп ақыл айтатындар бар. Ұлымның диагнозын мойындап, қоғамға енуі үшін үздіксіз қадағалаймын. Коррекциялық орталықтарға барамыз. Аутист бала адам емес пе?! Қаншама ата-ана ереше балаларды тәрбиелеп отыр. Арасында тірек-қимыл апараты бұзылған, Даун балалар да бар. Олардың бәрін қоғамнан шеттете беруге бола ма?! Ұлым екеуміздің ішкі жан-дүниеміз ұқсайды”, – деді әнші.
Соңғы жаңалықтар





