Димаш Құдайберген жаңа марапатын Бибігүл Төлегеноваға арнады
Қазақ атын әлемге танытып жүрген Димаш Құдайберген Дубайда алған марапатын эстрада дүлділі Бибігүл Төлегенованың құрметіне арнаған.
Димаш Құдайберген Біріккен Араб Әмірлектерінде марапатталғаннан кейін Instagram-дағы парақшасында видео үндеу жасады. Ғажайып дауысты әнші өнерге қосқан үлесі үшін алған жүлдесін 95 жасқа толған Бибігүл Төлегеноваға арнағанын айтты.
"Құрметті Бибігүл Ахметқызы! Күні кеше алған кезекті марапатымды алдағы келе жатқан 95 жылдық мерейтойыңыздың қарсаңында, сіздің құрметіңізге арнауға рұқсат етіңіз. Жастайымнан сіздің жоғары дәрежедегі өнеріңізге сусындап өсіп, сіздің аналық, ұстаздық өсиеттеріңіз бен батаңыздың арқасында қазіргі күні азды көпті жетістіктерге қол жеткізіп келемін. Құрметті Dears, құрметті жерлестер! Шын жүректен барлық құттықтауларыңызға көп рахмет айтқым келеді. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын", - деп жазды Димаш.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...
30.10.2026
18:18
Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған 22 жастағы ер...