Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың мәдениет қайраткері атанды

Астанада "Халықтың сүйіктісі-2024" Ұлттық сыйлығын салтанатты табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Елдің ең танымал сыйлығы қатарынан 14-ші рет халық сүйіктілерін түрлі сала бойынша анықтады. "Жылдың мәдениет қайраткері" номинациясында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген жеңіске жетті. Ол "Халықтың сүйіктісі-2024" Ұлттық сыйлығында төртінші рет "Жылдың мәдениет қайраткері" атанып отыр.
2023 жылы әнші "Халық сүйіктісі" сыйлығының үш дүркін иегері ретінде арнайы номинациямен марапатталған болатын.
Салтанатты рәсімде мүсіншені Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Dimash Ali шығармашылық орталығының директоры Қанат Айтбаев қабылдады.
Әнші халыққа алғысын былай жеткізді:
"Үлкен алғыс пен құрметпен халқымыздан, туған жерлестерімнен шығармашылығыма деген ықыласпен табысталған марапатты қабылдаймын. Көп рақмет, достар! Бүгін “Халықтың сүйіктісі” сыйлығын алған барлық номинанттарды құттықтаймын. Баршаңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Және біздің бастамаларымызды қолдайтын халқымыздың да амандығы арта берсін!"
Соңғы жаңалықтар





