Дональд Трамп пен Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйде кездесті
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтондағы Ақ үйде ресми кездесу өткізді. Кездесу Оваль кабинетінде өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Тараптар екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы саяси және экономикалық байланыстардың жаңа кезеңге шыққаны атап өтілді. Президент Тоқаев америкалық бизнес өкілдері үшін Қазақстанның ашық екенін, елімізде инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған жүйелі реформалар жүргізіліп жатқанын айтты.
Өз кезегінде Дональд Трамп Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды серіктес екенін атап өтіп, екі ел арасындағы достық қатынастардың әрі қарай дамуына сенім білдірді.
Соңғы жаңалықтар