Джеки Чан облыс әкімін көлікпен серуендетті (ВИДЕО)

14.07.2026 17:34 Қарақат АСЫЛОВА
Джеки Чан облыс әкімін көлікпен серуендетті (ВИДЕО)
175
Фото: Бейнеден кадр

Ақтауға жаңа блокбастердің түсіріліміне ұшып келген аты аңызға айналған актер Джеки Чан көлік тізгініне өзі отырып, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайды қала көшелерімен серуендетті, деп хабарлайды Politico.kz.

Бейнежазбадан ұшақтан түскен актердің бауырсақ пен ұлттық сусыннан дәм татқанын байқауға болады, ал кездесу барысында ол күтпеген жерден бастама көтеріп, рөлге өзі отыруға сұранған.

«Джеки Чанның өзі көлікті жүргізуге ниет білдірді.Маңғыстау облысының әкімі алдыңғы орындыққа отырып, екеуі Ақтау қаласының көшелерімен жүріп өтті», – деп жазды Мақсат Қиқымов.

Бұған дейін Алматыда болған әлемге әйгілі актердің бұл жолғы сапары ауқымды халықаралық «Доспехи Бога 4 Ультиматум» шытырман оқиғалы экшенінің түсірілімімен тікелей байланысты.

Жаңа картина ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Гонконгтың Billion Target студиясы, қытайлық China Film Group Corporation және қазақстандық Sәlem Entertainment компаниясының бірлесуімен жасалып жатыр, ал туындыны әлемдік прокатқа шығару 2027 жылдың ақпан айына жоспарланған.

Войдите, чтобы оставить комментарий