Екеуі – полицей: Жамбыл облысындағы алапат апаттан 6 адам қаза тапты
1023
Республикалық маңызы бар Меркі-Шу-Бурылбайтал тасжолында болған көлік апатынан 6 адам қаза тапты. Оның ішінде 2 патрульдік полиция бар.
Жамбыл олыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 01:00 шамасында болған.
Тойота Альфард жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, полицияның Skoda Octavia патрульдік көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан қызметтік көлікте болған және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз еткен 2 патрульдік полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқан полицейлердің бірі – 11 баланың әкесі. Toyota Alphard көлігінде 8 жолаушы болған. Олардың төртеуі оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен тағы 3 жолаушы әртүрлі ауырлықтағы жарақаттармен орталық облыстық ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі («Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Фото: t.me/kris_p_almaty_official
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады