Екібастұзда 42 жастағы ер адамды тоқ соғып, көз жұмды

Екібастұзда 42 жастағы ер адамды тоқ соғып, көз жұмды
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Павлодар облысындағы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС аумағында қайғылы оқиға болып, 42 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz. 

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, жазатайым оқиға 19 қараша күні тіркелген. 

Марқұм электр станциясының штаттағы қызметкері болмаған, ол кәсіпорын аумағында жұмыс істеген мердігер ұйымның қызметкері екені анықталды. Ер адамды тоқ соғып, оқиға орнында мерт болған.

Қазіргі уақытта Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті қайғылы жағдайдың мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы тергеу жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар департамент өкілдері аталған кәсіпорында осыған ұқсас өзге де жазатайым оқиғалар туралы қандай да бір ақпарат болса, тиісті шаралар қабылдау үшін ведомствоға хабарласуды сұрайды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу