«Кешірім қабылданбайды: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желідегі фейк парақша иелерін сотқа бермек

«Кешірім қабылданбайды: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желідегі фейк парақша иелерін сотқа бермек
Фото: instagram/t_a_d_d_s_

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өз атын, фотосы мен бейнежазбаларын рұқсатсыз пайдаланған бірқатар тұлғаларды заң алдында жауапқа тартпақ, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін адвокат, сарапшы, нотариус және IP-мекенжайларды анықтайтын құзырлы органдар арқылы Threads, Instagram, TikTok желілеріндегі барлық заңсыз жарияланымдар мен пікірлер ресми түрде тіркелген:

«Адвокатым, эксперт, нотариус, IP-ді анықтайтын орган – бәрін тіркеп, Threads, Instagram, TikTok желілерінің барлығын фиксациялап алғанша үндемедім. Ал енді ұйқыларың тыныш болсын! Жанталасып комментарийлеріңді өшіріп жатырсыңдар. Ешқандай кешірім қабылдамаймын. Қалай өзгертсеңдер де, қайда тығылсаңдар да, енді кеш», — деп ескертті Айман Талғатқызы.

Сондай-ақ ол бірнеше жалған аккаунттың скриншоттарын жариялап, TikTok желісінде өз атынан фан-парақша ашып, жұрттың ашуын тудыратын контент таратқан аккаунт иесі де жауапкершілікке тартылатынын жеткізді:

«TikTok-та менің атымнан фан-парақша ашып, халықтың ашу-ызасын тудыратын контент жариялап, мен болып көрініп жүрген парақша иесіне қатысты заң аясында жауапкершілік мәселесі көтеріледі. Үндемегенімді әлсіздік деп ойламаңдар», — деді ол.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу