Екібастұзда түзеу орталығында жарақат алған қыз балаға гипс салынды (ВИДЕО)
ЖАЛҒАСЫ
-
Екібастұзда ерекше балаға күш көрсеткен жаттықтырушы рақымшылыққа ілікті
09.09.2026, 10:45
Әлеуметтік желіде түзеу орталығында сабақ кезінде нұсқаушының қыз баланың бір қолынан тартып, сүйрей отырып жаттығуды күшпен жасауға мәжбүрлегісі келген сәті түсірілген видеосы тарады. Осыдан кейін бала ауырып қалған қолын бауырына қысып, жылаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Видеоның астында зардап шеккен қыздың анасы сабақтан кейін баланы бірден ауруханаға апарғанын және оған гипс салынғанын жазған. Ата-ана полицияға арыз түсірді.
«Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндетін орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Алдын ала дерек бойынша Екібастұз қаласындағы түзету орталықтарының бірінде нұсқаушы кәмелетке толмаған балаға қатысты өз міндетін дұрыс орындамаған», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары бейнежазбаны алып, оны әрі қарай зерттеп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады