Экономист Андрей Чеботарёв: Қазақстан экономикасына деген сенімнің көрсеткіші

Экономист Андрей Чеботарёв: Қазақстан экономикасына деген сенімнің көрсеткіші
26.06.2025 21:27
0
84
Коллаж POLITICO.KZ
Қазақстан халықаралық қаржы нарығында рекорд орнатты: Қаржы министрлігі 2,5 млрд долларлық еурооблигация шығарды

Қазақстан рекордтық көлемде еурооблигация орналастырды: инвесторлар сенімі арта түсті

Қазақстан қаржы министрлігі халықаралық нарықта еурооблигацияның рекордтық шығарылымын жүзеге асырып, 2,5 миллиард доллар тартты. Бұл – еліміздің сыртқы қаржылық имиджі мен экономикалық саясатына деген сенімнің айқын белгісі.
Қаржы министрлігі екі траншпен – 7 және 12 жылдық мерзімге доллармен номинирленген облигациялар шығарды. Ең қызығы – бұл облигациялар 5% (7 жылға) және 5,5% (12 жылға) мөлшерлемемен орналасты. Бұл – қазіргі таңда дамушы елдердің ішіндегі ең төменгі ставка.

Инвесторлардың сұранысы күткендегіден екі есеге жуық асып түсті – Қазақстан 2,5 млрд доллар сұраса, нарық 4,7 млрд доллар беруге дайын болды. Бұл біздің елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын көрсететін маңызды белгі. Инвесторлар бізге сенеді, біздің нарықты тартымды деп қабылдайды.

Ел ішінде бұл мәмілені сынауға тырысқан пікірлер де болды – "қарызға белшеден батамыз" деген сарын. Алайда реформалар мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін ресурстар керек. Зейнетақы қорларын емес, тиімді шарттармен алынған сыртқы қарызды пайдалану – әлдеқайда қисынды қадам.

Көпшілік үшін бұл тек қаржы операциясы болып көрінуі мүмкін, бірақ халықаралық инвесторларға елді таныстырып, өз сенімділігін дәлелдеу – айтарлықтай күрделі жұмыс. Қаржы министрлігі осы жолы зор нәтижеге қол жеткізді.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий