"Немересі өлтірген": Экс-әкім мен оның әйелінің денесі бөшкеден табылды
Экс-әкім мен оның әйелін туған немересі өлтіріп, денелерін бір ай бөшкеде сақтаған.
RTVI мәліметінше, Виктор Тархов пен оның жұбайы Наталья бір ай бұрын Финляндиядан оралған кезде өлтірілген.
Алғашында оларды атып тастаған деген ақпарат тараған, алайда кейіннен өлімші етіп сабалғаны анықталды. Марқұмдардың денесі бір ай бойы бөшкелерде сақталған.
Тергеу нұсқасы бойынша, бұрынғы мэрдің немересі Екатерина Бельская кісі өлтіргеннен кейін Тарховтардың мүлкін, көліктерін және иконалар коллекциясын сатып жіберген. Сондай-ақ қылмыстың ізін жасыру үшін олардың телефондарынан хабарламалар жіберіп отырған.
Самара соты Екатерина Бельскаяны қамауға алды, алайда ол тергеушілерге түсінік беруден бас тартқан.
Ақпарат Azattyq Rýhy сайтынан алынған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
23:12
“Қоңырау шалып, қорқытқан”: Алматыда әйелді ұза...
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...
13.11.2026
20:50
Ірі шенеуніктер ұсталған соң Тоқаев ҰҚК басшысы...
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
20:21
Ұлытау облысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ...
13.11.2026
19:41
Кувейтте жұмбақ дертке шалдыққан қазақ қызы: СІ...