«Экс-президенттің туыстары билікке қайтып келуі мүмкін»: депутат желідегілерге жауап берді (ВИДЕО)
Депутаттар бүгінгі мәжіліс отырысында Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылады, деп хабарлайды Politico.kz.
Мәжілісмен Ермұрат Бәпи Конституция жобасының 48-бабына баса назар аударды.
Айтуынша, оған қатысты қоғам арасында алаңдаушылық бар. Мұнда Республика президентінің ар намысы мен қадір-қасиетіне қорғауға қатысты берілетін конституциялық кепілдіктер айтылады.Бұл баптың үшінші тармақшасында: «Осы баптың ережелері Қазақстанның экс-президентіне де қолданылады» деген тіркес бар.
«Осыған байланысты «бұрынғы президенттің отбасы мүшелері билікке қайтып келуі мүмкін» деп, күдік келтірушілер бар. Әлеуметтік желі қолданушылар арасындағы бұл алаңдаушылық қазақи долбар-дабыраға қиқу қосудың сыңары. Себебі экс-президент түгілі, бүгінгі «Президенттің отбасы мүшелері мен оның жақын туыстарына мемлекеттік қызмет атқаруға болмайды» деген талап 2022 жылдың 8 маусымындағы конституциялық заңда бекітілген», - дейді Бәпи.
Оның айтуынша, бүгінде конституциялық өзгерістерге қатысты сын көп айтылды.
Соңғы жаңалықтар