"Ел адамы": Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың тұңғышы шетелге кетті

08.09.2025 18:28 Берік Арманов Берік Арманов
0
744

Белгілі әнші, хитмен Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың тұңғышы Сезім мектеп бітіріп, Англияға оқуға аттанды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Бірге барып өзіңді орналастыра алмағаныма түсіністік танытқаныңа рахмет Сезімім! Апасының ақ батасымен жауапты жолға аттанды. Қос әулеттің алғашқы қуанышы. Атасының қызы! Апасының гүлі! Әкесінің тұңғышы! Анасының бақыты! Бауырларының бағыты! Ұстаздарының мақтанышы! Бүгінде бойжетіп, өмірдегі үлкен әрі жауапты білім деген жолға аттанып, студент атанды. Аллам өзі жар болсын! Ата-апасы, әкесі де ел адамы. Халық алдында жүргендіктен жауапкершілік жоғары екенін жақсы ескереді. Бұл жағдайды балалар жақсы түсініп, қабылдайды. Соны білім алдын-ала Сезека ең бірінші өз атасынан бата алып, маңдайын сүйгізіп келді», деп жазды өнер иесі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий