Ел қазынасы 98 тонна сары алтынмен толығып, бес жаңа кеніш мемлекет есебіне алынды
Қазақстанның пайдалы қазбалар қоры айтарлықтай толықты. Жақында өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіс және құрылыс вице-министрі Иран Шархан елде жалпы қоры 98 тоннаны құрайтын бес жаңа алтын кен орны мемлекеттік есепке алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Вице-министрдің айтуынша, соңғы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде бұл бес кен орны алғаш рет мемлекеттік балансқа қойылды.
Жаңа тізімге енген кен орындары:
- Көк-Жоң (Болаттөбе учаскесі)
- Алтын-Шоко
- Самомбет
- Студенттік
- Тақыр-Қалжыр
Осы жаңа орындардың ашылуының арқасында елдің минералдық қоры айтарлықтай ұлғайды. Атап айтқанда, мемлекеттік балансқа:
- 98 тонна алтын;
- 36 мың тонна мыс;
- 11 миллион тонна марганец;
- 1,3 миллион тоннадан астам фосфорит қосылды.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда Қазақстан пайдалы қазбалардың 103 түрі мен 10 мыңға жуық кен орнын есепке алып отыр. Қазіргі кезде қатты пайдалы қазбаларды пайдалану бойынша 2900-ден астам лицензия мен 250 келісімшарт күшінде. Тек биылдың өзінде барлау жұмыстарына 707 лицензия, ал өндіруге 22 лицензия берілген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.11.2026
17:14
Ақмола облысында трактор аударылып, жүргізушісі...
15.11.2026
16:18
Қазақстанда тағы бір тасжол ақылы болды: Жүргіз...
15.11.2026
15:20
Қостанай облысында көлік аударылып, төрт адам а...
15.11.2026
14:19
Ақтаудағы «Тұлпар» мектебіндегі жанжал: Қорланғ...
15.11.2026
13:10
Алматыда Асанәлі Әшімовтің бір жылдық асы берілді
15.11.2026
12:38
Ақтаудағы бір шағынауданда ер адам кішкентай қы...