Ел құлағы елу: Министрдің қымбат киімі тағы дауға қалды

Ел құлағы елу: Министрдің қымбат киімі тағы дауға қалды
07.10.2025 15:52
0
416

Денсаулық сақтау министрі қымбат аяқ киімі туралы сұраққа жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды ULYS MEDIA.

Бүгін өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға оның киген аяқ киіміне қатысты сұрақ қойылды, алайда шенеунік оған жауап бермеді.

Журналист министрдің өңірлерге сапары кезінде бренд киімдермен, атап айтқанда Valentino туфлиімен баратынын, ал сол уақытта жедел жәрдем дәрігерлерінің ескірген формамен жүргенін айтып, мұның себебін сұраған. Алайда, жиын модераторы бұл сұрақты «жеке басқа қатысты» деп тауып, жауап алуға мүмкіндік берген жоқ.

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары министрді қарапайым киінбейді деп сынаған болатын. Олар медицина қызметкерлері тозығы жеткен киіммен жұмыс істеп жатқанда, денсаулық басшысының қымбат киімдерін көрсетіп жүргенін жазған. Желі қолданушылары министрдің Valentino брендіне тиесілі кем дегенде бір аяқ киімін таныған.

Бұған дейін де, 2024 жылы журналистер министрдің Instagram парақшасында жарияланған Dolce & Gabbana көйлектері мен басқа да брендтік киімдерді алу үшін қанша табыс табу керектігін сұраған болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий