Елдің қуаты халықта екенін еске салған Тоқаев бос сөзден аулақ болуды ескертті
Бүгін Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік жоспарлау саясатына қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz
Президент қағаз жүзіндегі әдемі стратегиялардан гөрі, өмір шындығына негізделген нақты қадамдарды талап етті.
— Кез келген мемлекеттің күші — халықта. Азаматтарымыздың жасампаздық қуатының арқасында еліміз кез келген кедергі мен тосқауылға қарсы тұрып, орасан зор табысқа жететініне кәміл сенемін. Өздеріңіз білесіздер, мен түрлі жоспарлар құрып, стратегиялар жасауды құптай бермеймін. Себебі бос қиялға беріліп, құрғақ уәде беруге қарсымын. Болашаққа бағдар жасап, жоспар құрғанда өмірге шынайы көзқараспен қараған жөн, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар жиын барысында көпшілікті толғандыратын өзекті тақырыптардың бірі – жеңілдетілген несие беру мәселесі көтерілді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.10.2026
13:50
«Арманым орындалды»: Баян Алагөзова әкімге алғы...
19.10.2026
13:30
Қазақстан аспанында ресейлік ұшақ апат белгісін...
19.10.2026
13:14
Трамптың бас дипломаты Қазақстанға келуі мүмкін
19.10.2026
12:48
8 жыл бойы іздеуде жүрген 69 жастағы әйел Ақмол...
19.10.2026
12:47
"Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды": Бады...
19.10.2026
12:12
«Ресейде оған ешкім тиіспес еді»: есірткімен ұс...