"Элиталы мектепте оқыған": танымал кәсіпкердің қызы буллингке ұшырап, өзіне қол жұмсады

29.01.2026 16:30 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
463
Фото: ашық дереккөз

Отандық кәсіпкер Қанат Әміркин Facebook парақшасында QSI-Almaty мектебінде оқитын қызы бір жыл бойы жүйелі түрде буллингке ұшырағанын жазды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, мектеп әкімшілігіне бірнеше рет жүгінгенімен, мәселе назардан тыс қалған. Соның салдарынан бала суицид жасауға әрекеттеніп, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

«Қызымды ауруханаға алып бара жатқанын естігенде, өзіне қол жұмсамақ болғанын білдім. Бұл — бір күнде болған жағдай емес, бір жыл бойы еленбеген мәселелердің салдары», — деп жазды кәсіпкер.

Әміркиннің айтуынша, қызына сыныптастары тарапынан қысым көрсетіліп келген, ал мұғалімдер бұл әрекеттерге тосқауыл қоймаған. Тіпті, мектеп басшылығына кірудің өзі қиын болғанын айтады.

Кәсіпкер буллингті бастағандардың бірі бұрынғы әкімнің қызы екенін меңзеп, баланың әлеуметтік мәртебесіне қарамай, тәрбие мен жауапкершілік бірінші орында тұруы тиіс екенін атап өтті.

Ең сорақысы — мектеп әкімшілігінің жауабы. Кәсіпкердің сөзінше, олар елдегі суицид статистикасын алға тартып, бұл жағдайға ықпал ете алмайтынын айтқан. Жылына шамамен 25 мың доллар төленетін элиталық мектептің мұндай ұстанымы қоғамның ашуын тудырды.

Айта кетейік, QSI-Almaty Forbes.kz нұсқасы бойынша Алматы мен Астанадағы үздік 25 жекеменшік мектептің ішінде 4-орында тұр. Мектептің жылдық кірісі шамамен 6,4 млрд теңге, ал айлық оқу ақысы 1,4 млн теңгеге жуық. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі, оқу бағдарламасы америкалық жүйеге негізделген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий