«Енді әр еркектің арманы»: Мөлдір Мұқанова жаңа кезеңін бастады
Соңғы уақытта жұрт назарында жүрген Мөлдір Мұқанова тағы бір жағымды жаңалығымен бөлісіп, халықтан сүйінші сұрады, деп хабарлайды Politico.kz
Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары жас орындаушымен бірге жаңа ән жаздырғанын мәлімдеді. Өнер иесі бұл туындының алғашқы нұсқасын оқырмандарына ұсынып, қолдау білдіріп жатқан жанкүйерлеріне алғысын жеткізді.
«Қолдап жатқандарыңызды көріп, жаңа әніміздің осы нұсқасымен де бөліскім келді. Жақсы көремін сіздерді, туысымдай болып кеткен алтын оқырмандарым», – деп жазды Мөлдір Мұқанова.
Желі қолданушылары әнді жылы қабылдап, әншіні жігерлендіретін пікірлерін жаудырды. Көпшілігі Мөлдірдің жаңа кезеңі басталғанын ерекше атап өтті.
«Мөлдір арықташы, Тұрсынбек бармағын шайнасын. Түрің бар, бала-шағаң бар, жұмысың бар. Енді мүсініңді ретке келтіріп, әйелдік энергияңды көтер. Біз сені қолдаймыз», «Әндеріңіз супер», «Мөлдір Тұрсынбекті жоғалтқан жоқ, керісінше Тұрсынбек Мөлдірді жоғалтты», «Мөлдір енді әр еркектің арманы болатын болды», «Сұлусың, міне осылай болуы керек», – деп жазды олар.
Осылайша, жаңа ән мен жаңа серіктестік Мөлдір Мұқанованың шығармашылық өміріндегі тың белеске айналып, желідегі қызу талқыны одан әрі күшейтті.
Соңғы жаңалықтар