Енді атаулы әлеуметтік көмек алатындардың табысы басқаша есептеледі
302
Енді өнімді сатудан, тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сатқаннан түскен кірістен бөлек кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс та есептелмек. Айлық кіріс салық аударымдарына байланысты саналады.
Яғни декларациялаған таза табысы айларға бөлінеді.
Егер орташа сома 25 АЕК, яғни 92 300 теңгеден төмен болса, осы сома отбасының жиынтық кірісі болып көрсетіледі.
Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау ережелері де өзгертіліп отыр. Соған сәйкес, мансап орталығы не әкім өтініш беруші жайлы мәліметтерді "электрондық үкімет" порталынан сұрата алады.
Платформада өтініш берушінің жеке куәлігі, босқын, қандас мәртебесі және шетел азаматы екенін растайтын құжат қолжетімді.
Келесі бір түзету "кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушының мәртебесі" деп аталады. Бұрын бұл тармақ тек жеке кәсіпкерлікке қатысты еді. Бұдан бөлек "іздестіру есебіндегі адамның мәртебесі" жайлы ақпараттың жаңа түрі қосылып отыр.
Соңғы жаңалықтар
27.08.2026
00:14
Сая Оразғалиева: Ажырасатынымызды естігенде ұлы...
26.08.2026
23:13
Непалдағы жойқын су тасқыны: Қазақстандықтар ар...
26.08.2026
22:40
"Туыстары бөтенсіді". Сая Оразғалиева не үшін а...
26.08.2026
22:16
Тобылда қымбат көлікті ұрлаған 19 жастағы жігіт...
26.08.2026
21:11
«Өлтіріп кетеді деп қорқамын»: Алматылық блогер...
26.08.2026
20:43
Ақтөбеде өз анасын пышақтап өтірген 16 жастағы ...