Енді педофилдерге химиялық кастрация түрмеден шығар алдында жасалады

Енді педофилдерге химиялық кастрация түрмеден шығар алдында жасалады
08.10.2025 10:57
0
104

Елімізде педофилия үшін сотталғандарға мәжбүрлі медициналық шараларды қолдану тәртібіне өзгерістер енгізілді,  деп хабарлайды POLITICO.KZ

Жаңа түзетулер жақын арада күшіне енеді.

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, енді кәмелетке толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға химиялық кастрация жазасын өтеу мерзімі аяқталуға алты ай қалғанда, сот шешімі негізінде жүргізіледі.

Бұл норма 18 жастан асқан, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған сотталғандарға қатысты қолданылады.

Жаңа ережелерге сай, түзету мекемесінің әкімшілігі сотталған адамды босатуға 12 ай қалғанда сотқа материалдарды жолдауы тиіс. 

Сот өз кезегінде соттық-психиатриялық сараптама тағайындап, сотталғанның психикалық ауытқуы мен жыныстық зорлыққа бейімділігі бар-жоғын анықтайды.

Бұл талап психикалық ауытқуы бар және сот шешімімен мәжбүрлі медициналық шара қолданылған адамдарға қатысты жүрмейді.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий