Енді үй жануарларын көшеге тастап кетуге болмайды

14.08.2026 13:25 Әсел МҰРАТ
Енді үй жануарларын көшеге тастап кетуге болмайды
112
Фото: ашық дереккөз

Экология министрлігі үй жануарларын ұстау ережелеріне тиісті түзетулер енгізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 6 тамыздағы бұйрығымен Үй жануарларын ұстау мен серуендетудің үлгілі ережелеріне түзетулер енгізді.

Үй жануарларын әрі қарай ұстау мүмкін болмаса, оның иесі немесе жауапты тұлға жануарды әрі қарай орналастыру шараларын қабылдауға міндетті. Оның ішінде жануарды баспанаға (приют), уақытша ұстау пунктіне немесе оған қажетті жағдай жасай алатын басқа жеке және заңды тұлғаларға беру қарастырылған.

Сондай-ақ үй жануарын уақытша ұстау пунктіне өткізген кезде, оның иесі немесе жауапты тұлға жануардың құқықтық тағдыры шешілгенге дейін оны бағып-қағуды қамтамасыз етуді өз мойнына алады.

Мұнымен қоса, жануардан бас тарту оған өзге тұлға меншік құқығын алғанға дейін, жануар баспанаға берілгенге дейін немесе уақытша ұстау пунктінде оның құқықтық тағдыры шешілгенге дейін иесінің жауапкершілігі мен міндеттерін тоқтатпайды.

Бұйрық 24 тамыздан бастап өз күшіне енеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий