«Енені мама деме»: Белгілі этнограф ажырасудың себебін атады

«Енені мама деме»: Белгілі этнограф ажырасудың себебін атады
26.03.2025 17:37
0
95
Фото: madeniportal.kz

Белгілі этнограф Ардаби Мәулетұлы қазіргі кезде ажырасудың көбею себебін атады, деп хабарлайды POLITICO.KZ MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап.

Этнографтың сөзінше, бұрындары келіндері енесін "ана" деп атамаған.

«Шыны керек қазір біз көп нәрседен айырылып қалдық. Мысалы адам баласында бір ғана әке-шеше болады. Біздің түскен келіндер өзінің әке-шешесімен қоса қайын енесін «мама», қайын атасын «папа» дейді. Ол өтірік нәрсе. Ешқашан да қайын ата «әке» болмайды, ал қайын ене «ана» болмайды. Бұрынғы қазақтар, бұрынғы ата-бабаларымыз соған миы жетпегеннен, ақылы жетпегеннен қазіргі жастар соны қайын ене менің мамам болады, қайын ата менің папам болады болады деп бір жақындықтың, сыйластықтың белгісі сияқты қарайды ол керісінше. Бұрынғы қазақтар неге сондай заңдылықты орнатты. Қайын атаның орны бөлек, қайын ененің орны бөлек. Себебі мына келін мен қайын ененің арасындағы сыйластықты сақтау үшін, ең бастысы. Шекара болады. Шекара болған жерде сыйластық болады. Сол құндылықтан біз ажырап қалдық. Қазір мама, папа деп жақындаймыз. Жақынбыз, бір-бірімізді жақсы көреміз деп бетінен сүйіп, билеп неше түрліні айтпағанды айтысып. Ең соңында ұрысып, дүниеге таласып, екі жақ ажырасып жатады», - деді этнограф.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий