Энергетика министрі Франциямен атом энергетикасы бойынша келіссөздер жүргізді

Энергетика министрі Франциямен атом энергетикасы бойынша келіссөздер жүргізді
06.12.2024 17:30
0
235
gov.kz
Қазақстан мен Франция атом энергетикасы саласындағы әріптестікті талқылады

4-6 желтоқсан аралығында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Франция Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Францияның Сыртқы сауда және энергетика саласындағы жетекші тұлғаларымен бірқатар маңызды кездесулер өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қазақстандық делегация Францияның атом саласындағы жетекші компаниялары: EDF атом электр станцияларының операторы, Framatome жабдықтарды әзірлеуші және өндіруші, және Arabelle Solutions турбиналық жабдықтарды жеткізуші ұйымдармен келіссөздер жүргізді.

Сондай-ақ Assystem консалтингтік компаниясымен атом электр станциялары үшін инжинирингтік қызметтер мен цифрлық шешімдер бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Делегация Radiaциялық қорғаныс және ядролық қауіпсіздік институтының дағдарыс орталығында және атом станцияларына арналған жабдық шығаратын зауытта болды.

Француз тарапынан Қазақстанға атом электр станциясын салуда қолдау көрсетуге дайын екендіктері айтылды. Франция әлемдегі атом энергиясы саласындағы көшбасшы ел ретінде өз тәжірибесімен бөлісуге дайын.

Естеріңізге сала кетейік, EDF компаниясы Қазақстан үшін әлеуетті ядролық технология жеткізушілер тізіміне енгізілген.

Ақпарат gov.kz сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или